Атырауды шаңды дауыл басты

21 Сәуір 2023, 18:44 1076

Бүгін Атырауды тағы да шаңды дауыл басып тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысында шаңды дауыл жиі көтеріледі. Қала тұрғындары бүгін де  табиғи құбылыстың куәгері болды. 

«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, Атырау облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі.

Оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 17-22 м/с. Атырау қаласында кей уақытта шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

 

EL.KZ
Бөлісу: