Атыраудан ұшатын әуе рейстерінің саны артты

13 Сәуір, 04:31 701

Көлік министрлігі отандық әуе компанияларымен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атыраудан аптасына ұшатын 73 тұрақты рейстердің қатарына қазақстандық әуе компаниялар Атыраудан Астана, Алматы, Ақтау және Шымкентке аптасына 49 рейс қосылды. Тасымалдау сыйымдылығы 72%-ға ұлғайтылды (12 756 орыннан 21 958 орынға дейін).

Биыл 9-12 сәуір аралығында Air Astana, Fly Arystan және SCAT әуе компаниялары қосымша 17 рейсті орындады (сыйымдылығы 3069 орын).

Бүгінгі таңда қазақстандық тасымалдаушылармен Атыраудан ұшатын тікелей рейстердегі барлық эконом-класс тарифтері бір жаққа шаққанда 40 мың теңгеден аспайтыны туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл тарифтер 13-24 сәуір аралығында қолжетімді болады.

Жолаушыларға әуе компаниялардың ресми сайттарында әуе билеттерін тексеру және сатып алу ұсынылады. Отандық әуе компаниялары еліміздің су тасқынынан зардап шеккен аймақтарына өтеусіз негізде 50 тоннаға жуық гуманитарлық жүк тасымалдағанын қосымша хабарлаймыз, - делінген ақпаратта.

Зарина Арман
Бөлісу: