Атыраудағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуал қандай

23 Сәуір, 21:13 835

Атырау облысының Құлсары қаласындағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда, бірақ төтенше жағдай режимі сақталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Су тасқынынан зардап шеккен ауданда халыққа берілетін судың сапасына санитарлық-эпидемиологиялық мониторинг жалғасуда.

Төтенше жағдайдың барлық кезеңінде санитарлық-химиялық, микробиологиялық зерттеулерге 500-ге жуық су, тамақ өнімдерінің сынамалары алынды.

Су тасқыны және су тасқынынан кейінгі кезеңдерде халық арасында жұқпалы және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленді.

Халық арасында инфекциялық және аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу, жеке гигиенаны сақтау бойынша санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.

Бүгінгі таңда жұқпалы аурулардың су жолымен таралу қаупі ең аз.

ҚР ДСМ ДБҰО су тасқыны кезеңінде денсаулық сақтау министрлігінің ресми ұсынымдарын ұстануға кеңес береді.

Перизат Саденова
Бөлісу: