Атыраудағы Ақжар ауылында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды

13 Мамыр, 02:19 944

Атырау қаласы маңындағы Ақжар ауылында жергілікті тұрғындар мен еріктілер тәулік бойы Жайық өзенінің су деңгейін бақылап, су басудың алдын алу шараларын қолдануда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Облыстық жедел штабтың мәліметінше, Ақжар ауылында кезекшілік екі ауысымда жүргізіледі. Қазіргі уақытта су қорғаныс бөгеттері мен бекіністеріне әлі жеткен жоқ. Сол жерде орта мектеп мұғалімдері ауысыммен кезекшілік етуде.

Айта кетейік, өңірде төтенше жайдар жарияланғалы бері жағалауды нығайту жұмыстарына  С.Датов атындағы мектеп қызметкерлері ерікті түрде қатысуда. 

Зарина Арман
Бөлісу: