Атырауда 9 адам тамақтан уланды

16 Маусым 2022, 13:33 1812

Атырауда екі күнде 9 адам құс етінен дайындалған донерден уланып қалды. Олар тағамды дүңгіршектен сатып алған, деп хабарлайды El.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

Облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әлия Бекешованың мәліметінше, өңірде тамақтан улану дерегі жыл басынан бері алғаш рет тіркеліп отыр.

«Кеше облыстық инфекциялық ауруханаға 7 адам улану диагнозымен тіркелді. Ал, бүгін тағы 2 жағдай анықталып отыр. Оқиға С. Датов көшесінде орналасқан жеке меншік «Afisha» дүңгіршегінде болған. Зардап шегушілер тез тағам дайындау орнынан құс етінен жасалған донер жеген. Осы оқиғаға байланысты Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазір тиісті сараптамалар тағайындалды. Дүңгіршек жұмысын уақытша тоқтатты. Ал, зардап шегулер дәрігерлердің жіті қалағалауына алынды», - дейді Әлия Бекешова.

Департамент басшының орынбасары Гүлназ Ирбатырованың айтуынша, көктем-жаз айларында жедел ішек инфекциясы ауруының қаупі артады. Ішек жұқпалары – ас қорыту жолын зақымдайтын зиянды аурудың бірі. Сондықтан, үнемі жеке бас гигиенасын сақтап, азық-түлікті белгіленбеген орындардан сатып алмау керек.

Бөлісу: