Атырауда жыл басынан бері 160-қа жуық өрт оқиғасы тіркелген

11 Тамыз 2022, 06:31 779

Ал, зардап шеккендер 11 адам, оның көрсеткіші 8,3 пайызға төмендеген. Өкінішке орай 2 адам қаза тапқан. 

Атырау облысында биылғы 7 айда 159 техногендік сипаттағы өрт оқиғасы тіркелген. Ол өткен жылмен салыстырғанда 13,5 пайызға азайған, деп хабарлайды EL.KZ. 

Ал, зардап шеккендер 11 адам, оның көрсеткіші 8,3 пайызға төмендеген. Өкінішке орай 2 адам қаза тапқан. 

Бұл туралы Атырау облысы ТЖД МӨББ Техникалық нормалау тобының аға инженері азаматтық қорғау аға лейтенанты Б.Қабақов мәлім етті. 

Оның сөзіне қарағанда, 2021 жылы – 181 өрт тіркелді. Өрттің басым бөлігі тұрғын үйлерде (69), автокөліктерде (46) орын алған. Оның ішінде Атырау қаласы аумағында 100, Жылыой ауданында 16, Қызылқоғада 8, Құрманғазыда 8, Индерде 5, Мақатта 5, Исатайда 7, Махамбетте 8 техногенді төтенше жағдай деректері тіркелген. Тілсіз жаудың шығу ошақтарына келер болсақ, тұрғын үй секторында – 63, автокөліктерде – 41, көп қабатты үйлерде – 20, сауда орындарында – 7, басқада обьектілерде – 26. Тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру, өрттің және төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау мақсатында 26440 жеке тұрғын үйлер араланып, 78897 тұрғындарға өрт қауіпсіздігі жөнінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп, 79289 дана жадынамалары таратылған. 

Тұрғын үйдегі өрттердің алдын алу мақсатында, күнделікті өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтап жүру керек. Мысалы тұрмыстық техниканы қолданып болған соң розеткадан шығарып, жарық шамдарын өшіріп жүруді ұмытпаңыздар. Егер сіз оқыс оқиғаның куәгері болсаңыз, өрт болып жатқан орынды байқасаңыз, 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалып, хабар беріңіз. Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, қауіпсіздік ережелеріне салғырт қарау салдарынан төтенше жағдай орын алуы мүмкін. Өрт адам өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға және материалдық құндылықтарға орны толмас зиян келтіреді - деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.


EL.KZ
Бөлісу: