Атырауда жол апатынан жүргізуші мен жолаушы мерт болды

4 Қыркүйек 2023, 01:07 831

Атырау облысында Toyota аударылып, жүргізуші мен жолаушы оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол-көлік оқиғасы 3 қыркүйекте болған.

Атырау-Индер тас жолының 18-шақырымы тұсында Toyota автокөлігі аударылып қалды. Жол-көлік апатына 1998 жылғы жүргізушінің көлікті басқару жүйесін игере алмағаны себеп болғаны анықталды. Оқиға орнында жүргізуші мен 26 жастағы жолаушы алған дене жарақаты салдарынан көз жұмды, -деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, полиция қызметкерлері жол жиегіне аударылған автокөліктің жүргізушісіне аталған тас жолдың 17-шақырымы тұсында ескерту жасағаны анықталып отыр.

Перизат Саденова
Бөлісу: