Атырауда Жайық өзенінің су деңгейі 10 см-ге көтерілген

24 Сәуір, 10:00 650

Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректері бойынша өткен тәулікте 2024 жылғы 24 сәуір сағат 8-дегі жағдай белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен деңгей өзгерді:    

Жайық өзені – Индербор кентіндегі су бекетіндегі су деңгейі 597 см., деңгейдің +10 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 374 см құрайды.

Жайық өзені – Махамбет кентінің гидропостындағы су деңгейі 715 см., тәулігіне + 5 см-ге көтерілу, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 398 см құрайды.
  
  Жайық өзені - Атырау қ. гидропостындағы су деңгейі 422 см., тәулігіне деңгейдің көтерілуі +4 см, су тасқыны басталғаннан бері жалпы көтерілу 231 см құрайды.

Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.

24 сәуірде Иректі су қоймасынан су жіберу 192 м3 / с құрайды, - делінген хабарламада.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: