Атырауда жоғарғы қабаттан құлаған 16 жасар жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға кеше, 2 наурызда болған.
«Департаменттің кезекші бөліміне кеше жергілікті уақытпен сағат 23:30 шамасында 2007 жылы туған жасөспірімнің жоғарғы қабаттан құлағаны туралы хабар түсті. Осы дерекке байланысты полиция қызметкерлері оқыс оқиғаның Атырау қаласындағы «Алмагүл» шағын ауданында болғанын анықтады. Жасөспірім осындағы көпқабатты үйлердің бірінде жоғарғы қабаттан құлаған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.