Атырауда полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 19 жастағы жігітті құтқарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, Алмагүл ықшам ауданындағы көпқабатты үйдің шатырынан жігіттің өзін-өзі өлтірмек болғаны туралы полицияға оның әпкесі хабар берген.
Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, жағдайды бақылауға алды. Олар жігітпен сөйлесіп, оны түсіруге көндіріп, трагедияның алдын алды, – делінген хабарламада.
Құтқарылған жас жігіт құқық қорғау органдарының тергеу тобына тапсырылды. Қазіргі уақытта оқиғаға байланысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.