Атырауда заңсыз жүрген 30 шетелдік елден шығарылды

17 Қараша 2022, 02:16 1057

Заңсыз жүрген кел­імсектер көбінесе қылм­ыстық қол сұғушылықт­ың нысанына айналады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, шетелдіктердің көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды El.kz.

«Облыс аумағында заңсыз көші-қон арналарын анықтау, шетелдіктерді заңсыщ жұмысқа орналастыру деректерін анықтау мақсатында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шара кезінде көші-қон заңнама­сын бұзғаны үшін​ шетелдік 30 азамат әкім­шілік жауапкершілікке тартылды. Атырау қаласының ауданаралық мамандандырылған әк­імшілік соты шетелдіктерді ел аумағынан тысқары шығаруға шешім қабылдады. Қазақстан Республи­касындағы консулдық қызметінің күшімен 22 азаматқа «Өз еліне қайтару куәлігі» ​ рәсімделіп, олар шекараға дей­ін арнайы ұйымдастыр­ылған автобустармен жеткізілді. Анықталғ­андай шетелдіктер Атырау қаласы­на 2008 жылдары ешқа­ндай құжатсыз қон­ыс аударып, тұрғылық­ты мекен-жайы жоқ аз­аматтар қатарына қос­ылған. Олардың қайыршылықпен ай­налысқаны белгілі бо­лды», - дейді көші-қон қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Әділжан Жаншин.

Тәжірибе көрсеткенде­й, заңсыз жүрген кел­імсектер көбінесе қылм­ыстық қол сұғушылықт­ың нысанына айналады. Кейде олардың өздері қылмыс жасайды.

EL.KZ
Бөлісу: