Атырауда үш бала Жайық өзеніне батып кетті

26 Тамыз, 23:37 1221
Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш бала Жайық өзеніне батып кетті, деп хабарлайды El.kz.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға бүгін түс ауа болған.

2024 жылы 26 тамызда сағат 17:25-те Атырау қаласы маңындағы Береке ауылында үш баланың Жайық өзеніне батып кеткені туралы шақырту келіп түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 2008 жылы туылған ұл балалардың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсіп, батып кеткендігін анықтады. Атырау облысы ТЖД сүңгуірлері сағат 18: 25-те екі жасөспірімнің мүрдесін судан шығарды, - деді Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Үшінші жасөспірімнің денесін іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Атырау облысы ТЖД сапынан 18 құтқарушы, 4 бірлік техника, 5 жүзу құралы жұмылдырылды.

Зарина Арман
Бөлісу: