Атырауда университет жатақханасының бір бөлігі опырылды

Бүгiн, 12:54 237

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің апатты деп танылған жатақханасының бір бөлігі құлап қалды. Университет дерегінше, мұнда студенттер тұрмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Белгілі болғандай, апатты деп танылған №2 жатақхананың 5 қабатты ғимараты 1972 жылы салынған. 

Университеттің шаруашылық бөлімі 2022 жылдың қараша айында № 2 жатақханадағы 1-қабатының қабырғасында ақаудың пайда болғанын анықтады. Осы жағдай анықталған соң мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жатақхананың техникалық қауіпсіздігіне сараптама жүргізуге конкурс жарияланды. 2023 жылғы 21 ақпандағы № 138 келісімшартқа сәйкес «PFA compani» ЖШС техникалық зерделеу жұмыстарын жүргізіп, ғимараттың апатты жағдайда екені расталды. Студенттердің бәрі басқа жатақханаларға көшіріліп, орналастырылды, — деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: