Атырауда тұрғын үйге қасақана өрт қойылған: бір адам қаза тапты

25 Қыркүйек, 09:51 753

Атырауда Алмагүл ықшамауданында алты қабатты тұрғын үйдің 1 қабатындағы пәтерден өрт шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ТЖД күшімен автосатымен және баспалдақ маршымен 13 адам, оның ішінде 6 бала құтқарылды және 54 адам, оның ішінде 30 бала эвакуацияланды.

Өрт сөндірілді. Оқиға орнында 1954 жылы туған әйел адамның өлі денесі табылды. Сондай-ақ 1994 жылы туған ер жігіт күйік алып ауруханаға жатқызылды.

ТЖМ мәліметінше, өртті қасақана ұйымдастырған.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: