Атырауда тұмаудан емделген сәби көз жұмды

27 Желтоқсан 2023, 10:15 1044

Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде 2023 жылы туған нәресте көз жұмды, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Ол біршама уақыт бұрын жағдайы жақсарғандықтан ауруханадан шығарылғанымен, Атыраудағы ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуынан №2 облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде көз жұмған. Белгілі болғандай, сәби 9-15 желтоқсан аралығында ЖРВИ және жедел бронхит диагнозымен ауруханада емделген.

Екі күннен кейін баланың ата-анасы емдеу мекемесіне қайта барып қаралған. Сәби 21 желтоқсанда жағдайы нашарлап, дене қызуы көтеріліп, жөтелінің күшеюіне байланысты ауруханаға қайта жатқызылып, емдік-диагностикалық шаралар тағайындалған.

Ауыр жіті вирустық инфекция мен пневмонияның асқынуына байланысты жүргізілген барлық шараға қарамастан көз жұмған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: