Атырауда Сабантой мерекесі тойланды

15 Мамыр 2018, 10:28 1088

13 мамыр күні Атырау қаласындағы  «Ретро» саябағында «Татулық»  татар-башқұрт этномәдени бірлестігі «Сабантой» ұлттық мерекелерін атап өтті.

Шара барысында  Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Ж.Досқалиева құттықтау сөзімен мерекелік шараны ашып берді.

Жыл сайын мерекені дәстүрлі түрде атап өтуді әдетке айналдырған облыстық «Татулық» татар-башқұрт этномәдени бірлестігі  бұл жолы да  мерекені ерекше көңіл-күймен тойлады. Сабантой татар тілінен аударғанда «Жер өңдеу мерекесі» деген ұғымды білдіреді. Дәстүр бойынша татар халқы бұл мерекені жиын-терім көп болсын деген ырыммен тойлаған. Бұл татар - башқұрт халқының  ежелден келе жатқан ұлық мерекесі. Оны кең тойласаң, бидай бітік шығады деген наным бар.

Сондай-ақ, Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Муса Джалил  сыйлығының лауреаты  Филюс Кагиров  және Татарстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Рустем Рахматуллин арнайы қонақ болып келіп, өз өнерлерін көрсетті.

Ұйымдастырушылар мерекеге келген қауымға қызықты көңіл-күй сыйлауға тырысты.

Мереке барысында қонақтарға татарлар мен башқұрттардың ұлттық тағамы «чак-чак», «умачты», «токмач», «чумар», «перемячи»  т.б таратылды. Сонымен қатар, келушілер қолөнер шеберлерінің бұйымдары қойылған арнайы  ұйымдастырылған  көрмені тамашалады.

Мерекелік іс шараға  Атырау облысының этномәдени бірлестіктерінің мүшелері,  мемлекеттік органдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және мерекеге қызығушылық танытқан қала тұрғындары  қатысты.

 

 

Атырау облысы әкімі аппарытың

«Қоғамдық келісім» КММ

Бөлісу: