Атырауда қыркүйек айына дейін 100 тұрғын үй салынады

5 Шілде, 22:03 653

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үйлер салынып жатыр. Қыркүйек айына дейін 100 тұрғын үй салынады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазіргі мәлімет бойынша, барлық 80 үйдің іргетасы құйылған. 29-ында қабырғалар тұрғызылуда. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 7 мердігер тартылып, 100-ден астам жұмысшы еңбек етуде.

Құрылысты ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Ахуалдық орталығының мәліметі бойынша, Атырау облысында 2 674 нысанға техникалық тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша 100 үй салу жоспарланған. 1 376  үй сатып алу керек болған болса, бүгінде оның 1 341-і сатып алынған. 1 198 үйді жөндеу керек болса, 1 174-інде жұмыстар аяқталған.

Перизат Саденова
Бөлісу: