Атырауда құрылысшы биіктен құлап қайтыс болды

Бүгiн, 12:28 208

Атыраудағы құрылыс алаңында екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап, біреуі оқиға орнында көз жұмды, екіншісі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы AtyrauPress порталына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырауда құрылыс алаңында қайғылы оқиға болды. Екі жұмысшы бесінші қабаттан құлап кетті. Бірі қаза тапты, екіншісі ауруханада жатыр, – делінген полиция мәліметінде

Атырау облысы Полиция департаменті баспасөз қызметі оқиғаның 20 қаңтарда, сағат 11:15 шамасында болғанын хабарлады. Құлаған 43 жастағы ер адам қайтыс болған, 33 жастағы әріптесі облыстық ауруханаға жеткізілді.

Тергеушілер оқиға бойынша қылмыстық іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сонымен бірге жан-жақты тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: