Атырауда қамыс өрті оқшауланды

13 Шілде 2023, 01:15 630

Атырау облысында қамыс өрті оқшауланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.

Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеттері мен уақтылы қабылданған шараларының нәтижесінде 12 шілде сағат 16:30-да Атырау облысында болған қамыс өсімдіктерінің өрті оқшауланды. «Ақжайық» МТР ақпараты бойынша өрттің жалпы болжамды ауданы 850 гектар болды, - делінген ресми хабарламада.

Берік Арманов
Бөлісу: