28 қыркүйек күні таңғы уақытта полицияға белгісіз ер адамның жаяу жүргіншілер көпірінен секіріп кеткені туралы ақпарат түсті. Ер адамды құтқарушылар қайықпен жағаға жеткізген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері ер адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Жасанды тыныс беру әрекеттерінен соң ер адам есін жиған. Азамат облыстық ауруханаға жеткізілді.
Аталған дерек бойынша жедел тергеу тобы кешенді тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.