Атырауда полицейлер көпірден секірмек болған 40 жастағы әйелді құтқарды

29 Мамыр 2023, 14:30 561

Атырауда 40 жастағы әйел көпірден секірмек болған. Оны полиция қызметкрелері құтқарып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Аталған оқиға 29 мамырда Атырау қаласында болды.

Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері таңғы сағат 04:00 шамасында әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде орталық көпірден әйелдің суға секіргелі тұрғанын байқаған. Тәртіп сақшылары жедел әрекет етіп, өзіне қол жұмсамау үшін көпірден секірмекші болған 40 жастағы әйелмен 4 минуттық профилактикалық келіссөз жүргізген. Сөйтіп, оны өз еркімен райынан қайтуға көндірді, -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Суицид жасауды ойлаған әйелдің 1983 жылғы екені анықталды. Ол жедел-тергеу тобына тапсырылды. Қазір тұрғынның мұндай әрекетке бару себебі тексеріліп жатыр.

Равиль Ашығали
Бөлісу: