Атырауда полицей жұптар бірге өз таңдауын жасауда

6 Қазан, 18:30 598

Еліміздің тарихындағы болашақты айқындайтын маңызды күндердің бірінде өз таңдауларын жасауға полицейлер де қауырт қызметтен уақыт бөліп баруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, Атыраудағы қалалық полиция басқармасында қызмет ететін полиция подполковнигі Қаршыға Дүйсенғалиев пен полиция майоры Ақмарал Әділова дауыс беруге жанұсымен бірге барды.

Полицей отбасы мұндай маңызды сәтті балалар да көріп, болашақ үшін тиімді таңдау жасағанымызды түсінсе дейді.

Атырау облысы полиция департаментінде 50-ден астам полицейлер жұбы бар.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: