Атырауда ойын-сауық орталығында өрт шықты

Бүгiн, 00:46 270

Атырау қаласының өрт сөндірушілері Б.Құлманов көшесінде орналасқан BAIZAAR ойын-сауық орталығында өртті сөндірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бейресми ақпарат бойынша, «Детский мирден» басталған, әлі нақты себебі анықталады.

Шамамен өрт 18:45-те басталған. ТЖМ құтқарушылары 80 адамды, оның ішінде 45 баланы эвакуациялады.

Оқиға орнында ТЖД бастығының басшылығымен 4 жауынгерлік учаске мен жедел штаб ұйымдастырылды. ТЖД психологтары да жұмыс істеуде.
Перизат Саденова
Бөлісу: