Атырауда өртенген үйден 60 адам эвакуацияланды

20 Сәуір, 21:48 845

Атырауда полиция өртке оранған үйден 60 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ мәліметінше, 20 сәуір күні сағат 17:50 шамасында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Атыраудағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шыққанын байқап, дереу тұрғындарға көмекке келді.

Полицейлер 10 минуттың ішінде 60 адамды эвакуациялады. Сондай-ақ, ішінен құлыптанып қалған 2 қарияның пәтеріне есікті бұзып кіріп, қауіпсіз жерге шығарып үлгерді, - делінген мәліметте.

Тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ.

Зарина Арман
Бөлісу: