Атырауда өрт сөндірушілер 2 адамды аман алып қалды

2 Маусым, 05:35 556

Атырау облысында жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт сөндірушілер екі адамды аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Жеке тұрғын үйде диван отқа оранған. Үй ішінен құтқарушылар 60 жастағы ер адам мен оның 84 жастағы анасын алып шықты. Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Қазіргі таңда өрттің шығу себебі анықталуда.  

Перизат Саденова
Бөлісу: