Атырауда мұз астына кеткен көлік жүргізушісі қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атырау әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қаңтар күні сағат 13:08 шамасында Курилкино ауылындағы Жайық өзенінде автокөлік суға түсіп кеткен.
Рольде болған 1992 жылғы азамат қайтыс болды. Ал 2006 жылы туған жолаушы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.