Атырауда корей халқының ұлттық отбасылық мерекесі аталып өтті

15 Ақпан 2019, 10:45 3080

Атырау облысының «Тхоньиль» корей этномәдени бірлестігі «Сольналь» ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесін атап өтті.

Мерекелік шараға «Қоғамдық келісім» КММ-нің өкілдері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің басшылары, мүшелері және кәріс ЭМБ жастары қатысты.

«Сольналь» - корей халқының ұлттық отбасылық мерекесі. Бұл күн жыл басы болып саналады. Жыл қалай басталса, солай жалғасады деп болжанған. Сондықтан да корейлер бұл мерекені қызу және салтанатты түрде өткізуге тырысады.

Сондай-ақ, этномәдени бірлестіктер төрағаларының атынан Жаңа жыл мерекесіне арналған құттықтаулары оқылды.

Мерекелік кеш музыкалық нөмірлер мен билердер құырлған концерттік бағдарламамен аяқталды.

Бөлісу: