Атырауда кәсіпкерге әкімшілік кедергі жасалған

20 Шілде 2023, 17:30 1091

Атырауда кәсіпкерге әкімшілік кедергі жасалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарыс іс-қимыл агенттігінің Атырау облыстық департаменті мен «Атамекен» ҰКП өңірлік өңірлік филиалына өтініш түскен.

Кәсіпкерлік субъектісі кір сабын және жуғыш заттар өндірісін кеңейтуді көздеген. Сол себептен кәсіпкерлік нысан иесі қойма мен цех салу үшін Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінен сәулет-жоспарлау тапсырмасын алмақ болған. Аталған бөлімнің лауазымды қызметкерлері сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден заңсыз бас тартқаны анықталды. Ал лауазымды қызметкер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 465-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды, -деп хабарлады облыстық департаменттің баспасөз қызметі.

Осыған байланысты Атырау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру туралы ұсыныс жолданды. Қазір бұл мәселе оң шешімін тапты.

Равиль Ашығали
Бөлісу: