Атырауда есірткі таратумен айналысқан екі күдікті қылмыс үстінде ұсталды

30 Қыркүйек, 21:12 412

«Қарасора» жедел іздестіру іс-шаралары барысында есірткі заттарын таратқан 38 жастағы ер адам және 28 жастағы әйел ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жеке тінту кезінде зип-пакетке салынған синтетикалық есірткінің 81 орамы тәркіленді.

Сондай-ақ жалға алынған пәтерлері мен қала көшелерінен күдіктілер жасырған 100 граммға жуық синтетикалық есірткілер анықталып, тәркіленді, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты қылмыстық іс-тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

Зарина Арман
Бөлісу: