Атырауда ер адамның әйелді өлтірмек болған сәті видеоға түсіп қалды

17 Маусым, 09:42 941

Атырауда ер адам тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінде әйелге тап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық ПД мәліметінше, ер адам мен әйел азаматтық некеде болған. Қазір шабуылдаған адам іздестіріліп жатыр.

9 маусым күні Атырау қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде 30 жастағы әйелді өлтіруге оқталған 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Жеке басы анықталып, күдіктіні ұстауға бағытталған жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Күдікті мен жәбірленушінің азаматтық некеде тұрғаны анықталды, - делінген Атырау олблыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.  

Мадина Асылбекова
Бөлісу: