Атырауда полиция есірткіге мас күйде есірткі таратпақ болған күдіктіні ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Атырауда Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын таратумен айналысқан күдіктіні қылмыс үстінде ұстады.
Тінту барысында одан 60-қа жуық доза марихуана тәркіленді. Медициналық сараптамадан өткізу кезінде күдіктінің есірткіге мас күйде екені белгілі болды. Аталған дерек бойынша 45 жастағы күдіктіге қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.