Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты

6 Наурыз, 09:49 755

Атырауда ер адам автобус жүргізушісін соққыға жықты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Жанжал жолаушының жолақысын төлеуден бас тартуынан туындаған.

Полиция қызметкерлері бұзақыны қолға түсірді.

Қоғамдық автобуста 47 жастағы ер адам 49 жастағы жүргізушіні соққыға жықты. Қазір жүргізушінің қаншалықты жарақат алғанын анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. Күдіктіге қатысты бұзақылық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - делінген хабарламада.

Бұзақы валидаторды да сындырып кеткен.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: