Атырауда екі бойжеткеннен есірткінің 300-ге жуық дозасы табылды

25 Қаңтар, 03:20 820

Атырауда екі бойжеткен жасырын тығу әдісі арқылы синтетикалық есірткі сатумен айналысқан. Күдіктінің екеуі де ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана қаласы мен Павлодар облысының 25 пен 22 жастағы тұрғындарын Атырау облыстық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және Экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барсында қала аумағында ұстаған.   

Оқи отырыңыз: 

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама тәркіленген.
Сараптама қорытындысымен алынған 1 дана орама заттың құны 5 млн теңгені құрайтын 300-ге жуық доза болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Атырау Облысы Полиция Департаменті (@police.atyrau)

  

Баян Әжмұхан
Бөлісу: