Атырауда екі айда 4 жол апатынан 20 адам көз жұмған

6 Тамыз 2023, 08:42 686

Атырау облысында соңғы екі айда 4 жол апатынан 20 адам мерт болған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, жеңіл және ауыр жүк көліктер ағынының артуымен жол апаты көбейген.

Атырау облысындағы республикалық жолдарда соңғы екі айда 4 ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жол апатынан 20 адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғаларының басты себебі – жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамауы, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру. Сол себептен, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін патрульдік нарядтар шығарылды. Алайда, жолдың патрульдік полиция нарядтары кездеспейтін тұсында көлік апаты жиі тіркеліп отыр, -деді ведомствоның баспасөз қызметі.

Перизат Саденова
Бөлісу: