Атырауда бүлдіршінді тепкен тәрбиеші оқиғасына қатысты полиция пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға "Зейнеп-Әмина" мектепке дейінгі білім мекеменің даярлық тобында болған.
Аталған факт 15 қаңтарда Атырау шағынауданындағы балабақшалардың бірінде болған. Қылмыстық іс қозғалды, кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, біз бұған дейін бөбекжай балабақшасында тәрбиеші бүлдіршінді тепкені туралы жаздық. Бұл оқиғадан кейін мекеме қызметкері жұмыстан шығарылды.