Атырауда бір айда 1 мың жүргізуші айыппұл төлемеген

2 Қазан 2023, 23:50 608

Атырауда құқық бұзушылық әрекеті үшін айыппұл төлемей 1 092 жүргізуші ұсталды. Оның ішінде 900-ге жуық жүргізуші айыппұлын ұсталған кезде жедел төлеген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау қалалық полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі, полиция майоры Дәурен Нәсиполланың айтуынша, қыркүйекте «Қорғау — қауіпті жүргізуші», «Сергек» ақпараттық жүйесінің көмегімен 490 әкімшілік құқық бұзу дерегі тіркелген.

Қыркүйек айында айыппұлын төлемеген 1 092 автокөліктің жүргізушісі анықталды. Оның ішінде 131 көлік айыппұл өндірілгенге дейін арнаулы тұраққа қойылды. Ал, 900-ге жуық көлік жүргізушісі айыппұлын ұсталған жерде жедел төледі, -деп хабарлады Дәурен Нәсиполла.

Оның айтуына қарағанда ұсталған көлік жүргізушісінің бірінде төленбеген 20 айыппұл болған.

Жедел басқару орталығының бейнебақылау қызметкерлері кешкі сағат 18:30 шамасында Interceptor іздеу жүйесі арқылы Hyundai автокөлігін анықтады. Бұл көлік Грузия Республикасында тіркелген. Полиция қызметкерлері тексеру кезінде көлік жүргізушісінің 330 мың теңгеден асатын 20 айыппұлы бар екені анықталды. Көлік жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 785-бабына сәйкес хаттама толтырылды. Ал, автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды, - деп мәлім етті Дәурен Нәсиполла.

Берік Арманов
Бөлісу: