Атырауда білім беру мекемесінде діни насихат жүргізгендер анықталды

6 Мамыр 2023, 16:20 1744

Атырауда қайырымдылық білім мекемелері діни насихат жүргізумен айнылысқаны белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.   

Облыстық білім басқармасының мәліметі бойынша, 82 бала тұратын «Ақжайық», «Айша ана», «Береке», «Еділ», «Сарайшық» білім беру қайырымдылық мекемелері 82 балаға діни насихат жүргізумен айналысып келген. Тексеру барысында мекемелерде діни сауаттылыққа үйрететін стендтер, әдебиеттер табылды. 

Тексеру нәтижесінде мекемелерде қауіпсіздік шаралары сақталмағаны, психикалық және физикалық даму үшін қолайлы жағдайлар болмағаны анықталды. Балалардың тұруы үшін қажетті жағдайлар жасалмаған. Штатта пән мұғалімдері болмаған. Ата-аналармен кездесу ұйымдастырылды. Оларға балалары үшін бұл жерде болу қауіпсіз емес екені ескертілді. Іс жүзінде басқарма тиісті шаралар қабылдады. Қайырымдылық мекемелерінің қызметкерлеріне балаларды үйге жіберу туралы ұсыныстар берілді. Білім беру мекемелері тек заң аясында жұмыс істеуі керек», - деп хабарлады облыстық білім басқармасының мамандары.

Атырау облыстық Білім​ басқармасы басшысының бұйрығымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылының директоры Гүлсара Ботатаева тергеу жүргізу уақытына атқаратын қызметінен шеттетіліп отыр. 

Балалар үйі тәрбиеленушілерінің өтінішінен кейін ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғаннан кейін директордың жұмысын жалғастыру туралы шешім қабылданады», - деп хабарлады аталған мекеменің баспасөз қызметіндегілер. 

Асқар Таудай
Бөлісу: