Атырауда Қазақстан халқы тілдері күні аталып өтті

23 Қыркүйек 2019, 18:48 2070

Атырауда Қазақстан халқы Тілдері мерекесіне орай ауқымды шара өтті.

Қазақстан халқы Тілдері мерекесіне орай Атырау аграрлық-техникалық колледжінде «Былина» этномәдени бірлестігі мен Білім беру басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен «Тіл – халықтың байлығы» тақырыбында ауқымды мерекелік шара өтті.


Оның шеңберінде түрлі ұлт өкілдерінің қатысуымен «Казахстан - содружество разных народов» тақырыбындағы шеберлік сабақтары  мен әдеби-шығармашылық кештер ұйымдастырылды.

Студенттер мен оқушылар үш тілде еркін сөйлеп, көркемсөздер мен шығармалар оқыды. Сондай-ақ, жерлес ақын  Фариза Оңғарсынованы еске алып, 80 жылдық мерейтойына орай шығармаларынан поэзиялық кеш ұйымдастырылды.

Шара «Тіл - соғып тұрған жүрегіміз» концерттік бағдарламасымен және марапаттау рәсімімен аяқталды.


В завершении мероприятия вниманию зрителей представлена концертная программа «Тіл - соғып тұрған жүрегіміз».

Бөлісу: