Атырауда апельсин клиникалық өлімге алып келді

4 Мамыр, 13:41 2079

Атырауда 73 жастағы әйел апельсин жеп, өлім аузынан қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға қарттар үйінде болған.

Егде жастағы әйел сөйлей алмай, тынысы тарылды. Геймлих маневрімен алғашқы көмек көрсету әрекеті кезінде әйел есін жоғалтып, 1,5 минут клиникалық өлімге ұшырады, – деп хабарлады облыстық жедел жәрдем станциясы.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді.

Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: