Атырау облыстық «Довира» украин этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен балалар кітапханасында «Абай Құнанбаев пен Тарас Шевченко – Ұлы даланың ағартушылары» тақырыбында әдеби-танымдық кеш өтті.
Кеш барысында облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері катысушыларды кітап көрмесімен таныстырып, қос ақынның өмір жолынан деректер келтірді.
№15 Абай атындағы орта мектебінің оқушылары ақындардың шығармаларынан үзінділер оқыды. Сондай-ақ, «Довира» украин этномәдени бірлестігінің мүшелері келген қонақтарға ризашлықтарын білдіріп, концерттік бағдарлама ұсынды.