Атырауда 4 жасар бала терезеден құлап, мерт болды

20 Қыркүйек, 11:41 469

Атырауда алтыншы қабаттан құлаған бала мерт болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сарыарқа көшесінде орналасқан көп қабатты үйдің алтыншы қабатынан 4 жасар бала құлап кетіп, ауруханада жан тапсырды.

2020 жылы туған сәби жедел жәрдем келгенде ауыр хәлде жатқан. Дәрігерлер баланың өмірі үшін қанша күрескенімен, ол ауруханада жан тапсырған.

Мөлдір Қайнар
Бөлісу: