Атырауда 2009 жылы туған жасөспірімнің денесі Жайықтан табылды

29 Мамыр, 15:13 1294

Атырау облысында жасөспірім суға батып кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі atpress.kz-ке сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Индер ауданы Индербор кентінде болған. 29 мамырда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары Индер ауданы Индербор кентінде Жайық өзені тасуы салдарынан жиналған судан жасөспірімнің денесін алып шыққан. 2009 жылы туған тұрғын 28 мамырда күндізгі уақытта достарымен су айдынына кетіп, қайта оралмаған.

Құтқарушылар сол уақыттан бастап іздестіру жұмыстарын жүргізді. 29 мамырда түнгі сағат 04:40 шамасында жасөспірімнің денесін судан шығарылып, полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Қазір Жайық өзенінде су деңгейі көтерілуіне байланысты өзен суы өз арнасынан асып, жайылмаға тараған болатын. Ал жасөспіріммдер 170 сантиметр биіктегі жайылма суға шомылғаны анықталды. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметкерлері су тасқыны кезінде қауіпсізідік шараларын сақтап, жазғы демалыс уақытында балаларды назардан тыс қалдырмауға шақырады, - деп жазылған басылым мәліметінде.

Ақмарал Ағзамқызы
Бөлісу: