Атырау университетінде тергеу басталды

5 Шілде 2022, 06:34 2128

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті аймақта жоғары білім беру (бакалавриат) қызметтері нарығында бәсекелестіктің жай-күйін талдап, бағалау жүргізді, деп хабарлайды EL.KZ.

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тексеру нәтижесінде, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті аймақ нарығында 70% - дан астам үлесімен үстемдікке ие екендігі анықталды. Аталмыш ЖОО-да «Стандарттау, метрология және сертификаттау», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», «Ақпараттық жүйелер» және басқа да бірқатар мамандықтар бойынша оқу құны Атырау инженерлік-гуманитарлық институты, Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және газ университетіндегі ұқсас мамандықтарға қарағанда 35-60% - ға жоғары екені анықталды - делінген хабарламада.

Осыны қаперге алған өңірлік монополияға қарсы Департаменті Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне қатысты 2022 жылдың 10 маусымында монополиялық жоғары бағаларды белгілеп, ұстап тұрған үшін тергеп-тексеру жұмыстарын бастады.

EL.KZ
Бөлісу: