Атырау-Орал тас жолында үш адам қайтыс болды

21 Қаңтар, 01:15 938

20 қаңтар күні сағат 17:00 шамасында Атырау-Орал тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға Самал елді мекенінің маңында болған.

Mazda CX-7 көлігінің 41 жастағы жүргізушісі рольге ие бола алмай қалып, қарсы жолаққа шығып кеткен. Салдарынан жүк көлігіне соқтығысқан.

Соққыдан жеңіл көлік жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Көз жұмғандар арасында 40 жастағы әйел мен 12 жасар жасөспірім бар. Ал 15 жастағы тағы бір жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Олардың барлығы Өзбекстан азаматтары екен.

Оқиға орнында полиция жұмыс істеп жатыр.

Баян Әжмұхан
Бөлісу: