Атырау – Орал тас жолы бір аптаға жабылды

3 Шілде, 02:06 629

Бұл туралы Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жөндеу жұмыстарына байланысты 3 шілде күні сағат 8:00-ден бастап, республикалық маңызы бар «Атырау – Орал» тас жолының 5-67 шақырым аралығы, яғни Атырау қаласы - Махамбет ауылы учаскесі бойы жабылады.

 Жөндеу жұмыстарын 8 шілдеге дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Жеңіл автокөліктер облыстық маңызы бар Атырау - Индер бағыты арқылы қатынай алады. Ауыр жүк көліктері үшін Махамбет - Х.Ерғалиев - Таңдай ауылы бағытындағы жол ашық.

Зарина Арман
Бөлісу: