Атырау облысындағы өзенде балық жаппай қырылды

3 Қаңтар, 12:02 1144

Атырау облысындағы Солёный өзенінде балық жаппай қырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялық қызметі бұл факті бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатқанын мәлімдеді.

Балықтың қырылу себебі судың сынама нәтижесі шыққан соң хабарланады, - делінген мәліметте.

Қазіргі уақытта оқиға орнында Жайық-Каспий облысаралық балық шаруашылығы инспекциясы, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мен Экология департаментінің қызметкерлері мәселенің мән-жайын анықтау үшін жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар ережеге сәйкес балықтарды кәдеге асыру үшін қайта өңдеу жұмыстары (утилизация) жүргізіледі. Қабылданған шаралар туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: