Атырау облысында жүк көлігімен шыққан адамдар хабарсыз кеткен

8 Наурыз, 17:15 496

Кеше кешке екі адам Атырау облысы Құлсары қаласынан Шөл қала учаскесіне жүк көлігімен шығып, хабарсыз кеткен, деп хабарлайды  El.kz ақпарат агенттігі.

Кешке құтқарушыларға көмек сұрап туыстары хабарласты.

Бүгін, 8 наурызда таңертең ТЖМ іздестіру тобымен жоғалғандар "Бес ағайын" қыстағында табылып, Құлсары қаласына жеткізілді. Олар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Перизат Саденова
Бөлісу: