Атырау облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды

28 Ақпан 2023, 14:34 884

28 ақпан сағат 07:55 шамасында Ақтөбе-Атырау-Астрахань тас жолының 492 шақырымында Мақат - Қызылқоға бағытында Toyota Ipsum автокөлігінің жүргізушісі көлікті игере алмай, жолдың қарсы бағытына шығып, ауыр жүк көлігімен соқтығысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Polisia.kz мәліметінше, салдарынан 4 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

EL.KZ
Бөлісу: