Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр

11 Мамыр, 09:45 580

Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын су тасқынына қарсы бөгеттер салынды.

"Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 11 мамырда сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Жайық өзенінің деңгейі көтеріліп жатыр.

Атырау-533 см тәулігіне + 5 см. 
Индербор ауданы 1026 см тәулігіне +12 см.
Махамбет ауданы 939 см тәулігіне +15 см. 

Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни белгіден асып түсті. Су тасқыны жагдайы ҚР ТЖМ құтқарушылардың бақылауында.

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: