Атырау облысында суға түсу маусымы үш аптадан соң басталады

28 Мамыр 2023, 14:46 833

Атырау облысында суға түсу мерзімі маусым айының ортасында басталады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.  

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған. Бұған дейін 1 маусымда суға түсуге рұқсат берілген болатын.

2023 жылы шомылуға арналған 27 орын әзірленеді. Қазір оның тек төртеуі ғана дайын болған. Ал суға түсуге тыйым салынған аумақтардың саны 70-ке жеткен.

Құтқарушылар да бақылаудың да күшейетінін айтады. 

Қазір Жайықтың деңгейі 1,5-2 метрдей көтерілген. Сондықтан әзірге суға түсуге тыйым салынады. Жыл басынан бері Атырау облысында 3 адам суға кетті. Оның 2-еуін мамандар құтқарып үлгерді. 26 сәуірде де атыраулық қызды бір өлімнен аман алып қалды, дейді облыстық ТЖД басқарма басшысы Бақыт Абланов. 

 

Асқар Таудай
Бөлісу: